Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Менің анамның ,әкемнің бір күні

Автор: admin от 14-02-2019, 12:30, посмотрело: 1169

.«Менің анамның бір күні» , «Менің әкемнің бір күні»жобалары арқылы балалар ата-аналарына деген мақтаныш,құрмет сезімдерін көрсете білді. Туған жерін сүюге ,туған еліне қызмет етуге түрткі болу мақсатында «Менің ауылымның таңғажайып көріністері »тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.Өз есімінің қойылу себебін білу,әрбір есімнің қойылу тарихы болатынын түсіну мақсатында « Өз есіміңді қорға» тақырыбында балалар эссе жазып, өз есімдерін қорғады . Бұл жобалар оқушылардың ерекше қызғушылығын оятты.
Менің анамның ,әкемнің бір күні

"Күзгі аула" Анарбек Аяулым 2-сынып оқушысы
Менің анамның ,әкемнің бір күні

"Күз келді " Құрбан Нұрсұлу 4-сынып
Менің анамның ,әкемнің бір күні
"Менің аулам"Көпес Айзере 4-сынып.
Менің анамның ,әкемнің бір күні
4 сынып оқушысы Көпес Айзере өз анасымен бір күнін өткізуде.
Менің анамның ,әкемнің бір күні
4-сынып оқушысы Құрбан Нұрсұлу өз анасының таңнан кешке дейін немен айналысатынын анықтады .Менің анамның ,әкемнің бір күні
Менің анамның ,әкемнің бір күні
Менің анамның ,әкемнің бір күні
«Менің анамның бір күні» , «Менің әкемнің бір күні», «Менің ауылымның таңғажайып көріністері », « Өз есіміңді қорға» тақырыптарына балалар эссе жазды. Бұл жобалар оқушылардың ерекше қызғушылығын оятты.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Ауған соғысының ардагерімен кездесу

Автор: admin от 14-02-2019, 04:19, посмотрело: 477

0 Оқушыларға Ауған соғысы жайлы мәлімет беру, ардагер ағалармен әңгімелесу, сұхбаттасу,өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету мақсатында 2019 жылғы 14 ақпанда мектепте Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагері , Тасөткел ауылының тумасы Почуев Александр Владимировичпен кездесу өткізілді. Кездесуге мектеп оқушылары ,мектеп ұжымы қамтылды. А.В.Почуев қазіргі уақытта Қордай ауылында тұрады.Өзінің туып өскен ауылына ,өзі оқыған мектебіне қуана келгенін айтып өтті.Кездесу барысында Александр Владимирович 1981-1983 жылдары Кеңес әскерінің құрамында Ауған жерінде әскери борышын авто батальонда өтегенін, өзінің басынан өткен оқиғалар туралы айтып,от пен оқтың арасынан қалай аман қалғаны туралы әңгімелеп берді.Ардагер ағаның кеудесіндегі медальдар да оқушылардың қызығушылығын тудырды.Мектеп әкімшілігі ауған соғысының ардагеріне кездесуге келгеніне және Ауған соғысы жайлы аз да болса мәлімет беріп ,оқушылармен бөліскеніне алғыс білдірді.
Ауған соғысының ардагерімен кездесу
Ауған соғысының ардагерімен кездесу
Ауған соғысының ардагерімен кездесу

Категория: Мектеп дәстүрі