» » Ауған соғысының ардагерімен кездесу

 
 
 

Ауған соғысының ардагерімен кездесу

Автор: admin от 14-02-2019, 04:19, посмотрело: 476

0 Оқушыларға Ауған соғысы жайлы мәлімет беру, ардагер ағалармен әңгімелесу, сұхбаттасу,өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету мақсатында 2019 жылғы 14 ақпанда мектепте Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагері , Тасөткел ауылының тумасы Почуев Александр Владимировичпен кездесу өткізілді. Кездесуге мектеп оқушылары ,мектеп ұжымы қамтылды. А.В.Почуев қазіргі уақытта Қордай ауылында тұрады.Өзінің туып өскен ауылына ,өзі оқыған мектебіне қуана келгенін айтып өтті.Кездесу барысында Александр Владимирович 1981-1983 жылдары Кеңес әскерінің құрамында Ауған жерінде әскери борышын авто батальонда өтегенін, өзінің басынан өткен оқиғалар туралы айтып,от пен оқтың арасынан қалай аман қалғаны туралы әңгімелеп берді.Ардагер ағаның кеудесіндегі медальдар да оқушылардың қызығушылығын тудырды.Мектеп әкімшілігі ауған соғысының ардагеріне кездесуге келгеніне және Ауған соғысы жайлы аз да болса мәлімет беріп ,оқушылармен бөліскеніне алғыс білдірді.
Ауған соғысының ардагерімен кездесу
Ауған соғысының ардагерімен кездесу
Ауған соғысының ардагерімен кездесу

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.