» » Ыстық тамақпен қамту туралы

 
 
 

Ыстық тамақпен қамту туралы

Автор: admin от 2-04-2021, 23:36, посмотрело: 63

0
         Сәбит Мұқанов атындағы бастауыш мектебінде 2021 жылғы 1  сәуірден жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржыға аз қамтылған ,көп балалы отбасынан шыққан 8 бала тегін ыстық тамақпен қамтылды. Жалпыға білім беру қоры есебінен жеткізілген тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, тоңазытқыш- техникалық жабдықтардың тазалығына, қалыпты жұмыс істеуіне , өнімдердің және дайын тамақтардың сақтау мерзімдері мен сақталу жағдайына,азық -түліктің сапасына ,перспективалық ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақтың берілуіне,асхананың санитарлық жағдайына, бақылау жүргізу үшін құрамында мектеп басшысы , ата-аналар комитетінің төрайымы, мектеп мұғалімдері бар, мониторингтік комиссия құрылды. Балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру мақсатында мектепішілік бұйрық шығарылып, іс-шаралар жоспары құрылды.Балалар  аптасына 5 күн, күніне 1 реттік  тегін ыстық тамақпен қамтылды.Тамақ үлкен үзілісте беріліп,мектеп мұғалімдері тарапынан кезекшілік ұйымдастырылды.Балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру мақсатында құрылған іс-шаралар жоспары аясында ,балалар мен ата-аналардан тамақтану туралы сауалнама алынды.1-4 сынып оқушылары арасында сынып  жетекшілер Э.Атығаева мен Х.Баялиеваның ұйымдастыруымен «Тамақтану мәдениеті және ережесі»,"Дәрумендер"тақырыптарына баяндамалар оқылды.
 Оқушылар арасында іш құрылыс аурулары,семіздік ауруы, эндокринологиялық аурулар тіркелмеген.

Категория: Мектеп

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.