» "Мектеп асханасы" айлығы

 
 
 

"Мектеп асханасы" айлығы

Автор: admin от 27-02-2020, 10:32, посмотрело: 408

0 Сәбит Мұқанов атындағы бастауыш мектебінде 2020 жылдың 27 қаңтары мен 27 ақпаны аралығында "Мектеп асханасы"республикалық акциясы өткізілді . Айлық барысында мектепте құрылған, құрамында мектеп басшысы , ата-аналар комитетінің төрайымы, мектеп мұғалімдері бар, мониторингтік комиссия жалпыға білім беру қоры есебінен жеткізілген тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, тоңазытқыш- техникалық жабдықтардың тазалығына, қалыпты жұмыс істеуіне , өнімдердің және дайын тамақтардың сақтау мерзімдері мен сақталу жағдайына,азық -түліктің сапасына ,перспективалық ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақтың берілуіне,асхананың санитарлық жағдайына, бақылау жүргізілді .
Балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру мақсатында құрылған іс-шаралар жоспарына сәйкес ,сынып жетекшілер Э.Атығаева мен Х.Баялиеваның ұйымдастыруымен мектеп оқушылары мен ата-аналарына «Тамақтану мәдениеті және ережесі», «Дұрыс тамақтану» ,«Ауру астан туындайды» «Витаминдар» , «Ас адамның арқауы» тақырыптарына баяндама оқылып, «Денсаулық»тақырыбына тақырыптық әңгіме өткізілді және 2-4 сынып оқушыларына «Дұрыс тамақтану» туралы сауалнама жүргізілді. Ата-аналарға арналған Шағым және ұсыныс журналы жүргізіледі .
Соңғы 3 жылда оқушылар арасында іш құрылыс аурулары,семіздік ауруы, эндокринологиялық аурулар тіркелмеген.
"Мектеп асханасы" айлығы


"Мектеп асханасы" айлығы

Категория: ---

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.