Сәбит Мұқанов атындағы бастауыш мектебінде көрнекті қоғам қайраткері, қазақтың ақыны, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін қалаушы ғалым, ағартушы, қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап,жаңа үлгісін ұсынған реформатор Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл толуына орай ,оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру мақсатында, 2-4 сыныптарда сынып жетекшісі Э.Атығаеваның ұйымдастыруымен "Ахмет тағылымы" тақырыбында тәрбие сабағы өткізілді.










