Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ыстық тамақпен қамту туралы

Автор: admin от 13-02-2019, 12:59, посмотрело: 496

2018-2019 оқу жылында Сәбит Мұқанов атындағы бастауыш мектебінде оқушылардың әлеуметтік жағдайын анықтау мақсатында құрамында Ескішу ауылдық округінің бас маманы бар комиссия құрылды.Отбасының тұрмыстық- жағдайын
зерттеу актісінің негізінде мектепте аз қамтылған отбасынан шыққан 2 бала тізімге алынды.Тізім Ескішу ауылдық округінің әкімімен бекітілді.
Аз қамтылған отбасынан шыққан 2 баланы"Жалпыға бірдей міндетті білім беру" қоры есебінен тегін ыстық тамақпен қамту мақсатында бұйрық шығарылып,ыстық тамақпен қамтылды. .
Сонымен бірге "Жалпыға бірдей міндетті білім беру" қоры есебінен 1 сыныптың 8 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Мектепте ұйымдастырылған ыстық тамақтың сапасын бақылау мақсатында бракеражды және мониторинг комиссиясы құрылып,бұйрықпен бекітілді.Іс-шаралар жоспары жасалып,бекітілді. Комиссия мүшелері тамақтың сапасын, жарамдылық мерзімін,сақталу жағдайын , дайындалу технологиясын бақылауға алды.
Ыстық тамақ үлкен үзілісте беріледі, сынып жетекшілері тарапынан кезекшілік қойылған.Асхана талапқа сай безендірілген.Санитарлық - гигиеналық талаптар қатаң сақталады.
Оқушыларды ауыз сумен қамту мақсатында 1 диспенсер қойылған.
Педагогикалық кеңесте ыстық тамақпен қамту жағдайы 3 рет жоспарланған,2 рет тамыз және желтоқсан айларында қаралған.
Ата-аналар үшін асхана есігі ашық.Асхананың арыз-шағым мен ұсыныстар журналында ата-аналар тарапынан пікірлер жазылған.Ата-аналар жиналысында дұрыс тамақтану жағдайы 1 рет қаралған және сауалнама алынған.
Оқушылардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру мақсатында жоспар құрылып ,бекітілген .Жоспарға сәйкес сауалнамалар алынып, дұрыс тамақтану туралы тақырыптық әңгімелер өткізіліп отырады. Сынып жетекшілердің тәрбие жоспарында тақырыпқа сай тәрбие сабақтары жоспарланған,жоспарға сай өткізіліп отырады.
Мектеп оқушылары арасында семіздік,ішек құрты ,эндокринологиялық аурулары тіркелмеген.
Ыстық тамақпен қамту туралы

Категория: Мектеп