2016 жылғы 14 қаңтарда
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы
Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды «Алғыс айту күні»- деп жариялады.
Тұңғыш рет Алғыс айту күні деп жариялау туралы № 173 Жарлыққа қол қойды.
Алғыс
айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік
пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған
Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр
тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың
миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен
қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын – қыстау заманда
олардың басына түскен ауырпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі
таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым - қатынастың
өнегелі өлшеміне айналды.
Сәбит Мұқанов атындағы бастауыш мектебінде 1 наурыз -Алғыс айту күніне орай іс-шара өткізіліп, мектеп оқушылары: Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін..
Рахмет айтамыз! деп өздерінің шынайы
алғыс сезімдерін білдірді .