Мектеп директорының міндетін атқарушы Ш.Юсупова «Н.Ә.Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалында ұйымдастырылып отырған «Көшбасшылық және шағын жинақты мектепті басқару» тақырыбындағы шағын жинақты мектеп басшыларының біліктілігін арттыру тоғыз айлық курсында өз білімін көтеруде.Бірінші мектептегі тәжірибе кезеңінде Ш.Юсупова мектеп ұжымымен кездесіп, курстың мақсаты мен міндеттерімен таныстырды және ұжымға МДЖ-1-ді талдауға ұсынды .Мектеп мұғалімдерімен "Мектеп мәдениеті " тақырыбына коучинг өткізді.Коучинг барысында мектеп мұғалімдері мәдени құндылықтарды анықтап,мәдениеттің "Отыз тұжырымымен" танысып,постер жасап қорғады .Сонымен бірге "Сыни тұрғыдан ойлау","Коучинг дағдылары","Оқытудағы басқару және көшбасшылық" тақырыптарына коучингтер өткізді.
Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"мақаласының "Туған жерге туыңды тік"бағыты бойынша
мектеп оқушылары мен мұғалімдері Тасөткел су қоймасына саяхатқа шығып,туған жердің тамаша табиғатымен танысып қайтты.
Мектеп оқушылары Шу қаласы мен Төле би ауылының көрікті жерлерін аралап, аудандық мұражайға барып, ондағы қойылған жәдігерлермен танысып қайтты,экскурсияға 1-4 сынып оқушылары қамтылды.